Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бірінші орынды иеленді

Астанада Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» деп аталатын үшінші ведомствоаралық республикалық байқауы болып өтті.

Байқау шарттарына сәйкес құрамы бес адамнан тұратын әр команда Қазақстан халқының түрлі ұлт өкілдерінен құралды. Бірінші турда байқауға қатысушылар бейне жазылым арқылы өз ведомстволарын таныстырды. Екінші турда командалар «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» тақырыбындағы сахналық қойылымдарын ұсынды. Байқаудың әр кезеңі он балдық жүйемен бағаланды. Команда мүшелері мемлекеттік тілді меңгеру мен шешендік шеберліктері бойынша да жекелеген тапсырмаларды орындады.
Байқауға ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының командалары қатысты.
Байқау қорытындысыы бойынша Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық рух» командасы бірінші орынды иеленді.

Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"