Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер тәрбие жұмыстарындағы басымдықтарды айқындады

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің тәрбие құрылымдары офицерлерінің арасында оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдап, жастардың әскери қызметке ынтасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру жиынның басты тақырыбы болды.
Қорғаныс министрлігі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас ұлт – Біртұтас әскер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында 2025 жылға дейінгі Идеологиялық жұмыстар жоспары қабылданып, іске асырылуда.
Одан бөлек, қазіргі уақытта қорғаныс ведомствосы әскери-патриоттық тәрбие мәселелері төңірегінде қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар әзірленіп жатыр. Оларды қабылдау өскелең ұрпақпен жұмысты жандандыруға ықпал етпек.
Жиын барысында қоғамдық қатынастар саласындағы сарапшылар, теолог-мамандар, саясаттанушылар, Қарулы Күштердің ардагерлері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері аталған қызмет бағытына қатысты өз ойларын бөлісті.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов тәрбие құрылымдары офицерлерінің назарын аударатын басымдықтарды белгіледі. Бұл ең алдымен әскери ортадағы деструктивті идеологияларға қарсы іс-қимыл, ақпараттық саланы әскери қызметшілерді тәрбиелеуге белсенді түрде тарту, жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыстың ауқымын кеңейту, сондай-ақ барлық дәрежедегі командирлердің жеке үлгіcі.
– Қол астындағылармен тәрбие жұмысында өз күшіне сене білуі, әскери ұжымға қажетті моральдық жай-күйді сақтай алуы маңызды. Командир мен бастық жеке үлгі көрсетуінің арқасында жауынгерлік рух қалыптасады. Мықты көшбасшы оқиғаны басқара алады, – деп атап өтті генерал-лейтенант Марат Құсайынов.
Дөңгелек үстел форматында Қарулы Күштердің жауынгерлерін тәрбиелеуде идеологиялық жұмыстарды жетілдіру мен дамытудың жаңа тәсілдерін, жаңа стандарттарды енгізу талқыланды. Оған Ұлттық қорғаныс университетінің және жоғары оқу орындарының ғалымдары, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ақпарат саласындағы жұмысты ұйымдастыру да назардан тыс қалмады. «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының қызметкерлері Қарулы Күштердің бөлімшелері қатысқан шарада күштік құрылымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет ету тәртібін түсіндірді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"