Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы Әскери колледж болды

Мұндай шешім атауын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары колледждер деп аталады делінген, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру қажеттілігінен туындаған.

Өзгерістер мамандық атауларынада әсер етеді. Егер бұрын Кадет Корпусының түлектеріне «әскери басқарудың кіші маманы» кәсіби біліктілігі берілген болса, ендігі кезекте оқу орын азаматтық басқарушылармен іс жүзінде салыстырылатын «Әскери істегі кіші буын менеджментінің» мамандарын шығаратын болады. Бұл ретте білім алушылардың «кадет» әскери лауазымы атауы өзгеріссіз қалады.
Қазіргі уақытта Кадет корпусы, яғни ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі – Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттарды даярлайтын негізгі орталық болып табылады.  
Жыл сайын орта есеппен 1500 жас азаматтар оқу орынына түсуге үмітті. Айта кетейік, 2020 жылы білім беру мекемесіне 240-тан астам кадет қабылданған. 1996 жылдан бері оқу орны 2800-ден астам еліміздің Қарулы Күштері мен басқа да күш құрылымдарында қызмет ететін кәсіби-сержанттарды дайындаған.  
Оқу орнында білім алу тегін, және оқу мерзімі бір жыл 10 айды құрайды. Кадеттер тұратын орынмен, тамақтанумен және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Осы уақыт ішінде болашақ кіші командирлер әскери ғылымды теория және тәжірибе жүзінде де үйренеді.
Оқу процесі барысында әрбір кадетпен Қарулы Күштерде сержанттар құрамы лауазымдарында күнтізбелік 10 жыл мерзімге әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кадеттер әскери бөлімдерге Қарулы Күштердің бас сержантына дейін мансаптық өсуге деген преспективалары бар бөлімше командирлері лауазымдарына бөлінеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"