Қорғаныс министрінің орынбасары Шығыс өңірінің әскери бөлімдерін тексерді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Өскемен, Семей, Аягөз бен Үшарал гарнизондарына жұмыс сапарымен барды.

Әскери бөлімдердің объектілеріне тексеру жүргізілді, гарнизондарда әскери инфрақұрылымының жұмысына қатысты проблемалық мәселелер зерделенді. Атап айтқанда, әскери қалашықтардың тұрғын үй-коммуналдық қорының жайы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, әскери техниканы сақтау және қызмет көрсету орындарының жай-күйі тексерілді.
Әскери бөлімдердің командирлері әскери инфрақұрылым нысандарын жөндеуге қатысты жүргізіп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Бұдан өзге, генерал-майор Мұхамеджан Таласов Аягөз гарнизонының әскери зейнеткерлерімен кездесті. Әңгіме барысында оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жедел шешуді талап ететін тылдық қамтамасыз етудің басым міндеттері атап өтілді. Әскери бөлімдердің командирлеріне қажетті іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"