Қорғаныс министрі орынбасарының Алматы гарнизонына жұмыс сапары

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтына барды.

Жоғары оқу орындарының бастықтары генерал-майор Дулат Адырбеков пен Асқар Мұстабеков министрдің орынбасарына оқу орындарындағы жұмыстардың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу өтті.
Жұмыс сапары барысында Тимур Дәндібаев санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер жағдайындағы оқу жүйесін, оқу-материалдық базаның жай-күйін, оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын тексерді. Министрдің орынбасары оқу техникасы мен қару-жарақ үлгілерін, оқу-әдістемелік бөлмелердің, кафедралардың, зертханалардың, кітапханалардың жабдықтары мен жаттығу кешендерін қарады.
Кездесудің қорытындысы бойынша оқу жүйесінің мазмұнын одан әрі жетілдіру, әскери кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнінде нұсқаулар берілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Самоходная пушка-гаубица ShKH vz. 77 Dana

Буксируемые гаубицы

Буксируемые гаубицы