Қазақстанның танкистері "Танк биатлоны" конкурсының трассасын зерделеді

Мәскеу облысының «Алабино» полигонында қатысушыларды «Танк биатлоны» конкурсы кезеңдерінің өту тәртібімен және жарыс трассасымен таныстыру бойынша нұсқау беру-әдістемелік сабақтар өтті.

Төрешілер алқасының өкілдері қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруді өткізіп, конкурсқа қатысушыларды трассамен, оның ерекшеліктерімен, кедергілерімен, нысана жағдайымен таныстырды. Қатысушыларға конкурстың негізгі ережелері мен барлық элементтерді орындау әдістемесі жеткізілді.
– Жауынгерлік техникада жарыс жолына шыға отырып, біз қауіпсіздік шаралары талаптарын қатаң сақтау қажет екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан алған білімімізді тағы бір рет іс жүзінде бекіту барлығына пайдалы болды, – деді экипаж командирі капитан Ермахан Құдайберген. – Экипаж құрамымен бүкіл трассаны жаяу жүріп өттік, әрбір кедергіні зерделедік. Енді жарыс кезінде жолдардан жылдам әрі сапалы жүріп өту үшін өз стратегиямызды пысықтайтын боламыз.
Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін «Танк биатлоны» конкурсында 19 елден келген командалар қатысады. Құрамалар екі дивизионға бөлінген. Қазақстан командасы 24 тамызда Әзербайжан, Беларусь және Сербия танкистерімен бір айналымда жарысқа түсетін болады.



Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонында танк экипаждары техникаларды қабылдады. Қатысушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама және «Танк биатлоны» конкурсының кезеңдерінен өту тәртібінен сабақтар өткізілді. Танкистер үшін трассаның егжей-тегжейлі зерттеу ерекше назарда болғандықтан, олар оны алдын ала жаяу жүріп өтеді. На полигоне «Алабино» Московской области танковые экипажи произвели прием техники. С участниками проведены инструктаж по технике безопасности и занятия по порядку прохождения этапов конкурса «Танковый биатлон». Особое внимание танкисты уделяют ознакомлению с трассой, которую вначале проходят в пешем порядке.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"