Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандық бойынша дайындық басталды

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша дайындық жүргізілуде.

Мамандық бойынша дайындық жеке құрамның атқарып отырған лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерді, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтиды. Дайындық барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды білулеріне, штаттық байланыс құралдарында жұмыс жасай білу және алғашқы медициналық көмек көрсете білулеріне ерекше назар аударылатын болады.
Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларында мамандық бойынша дайындық әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері және сержанттарының басшылық етуімен өткізілуде. Сабақтарды сапалы өткізу үшін әрбір есепке алу мамандығы бойынша оқу топтары құрылды және анағұрлым дайындалған әскери қызметшілерден нұсқаушылар айқындалды.
Мамандық бойынша дайындық барысында оқу тренажерлары мен полигондарда орындалған практикалық сабақтар мәселелеріне жеке көңіл бөлінетінін айта кету қажет. Мамандық бойынша дайындық аяқталысымен оқу материалының игерілу деңгейін анықтау мақсатында оқып-үйренуші әскери қызметшілермен негізгі оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары өткізіледі. Мамандық бойынша барлық санаттағы әскери қызметшілердің дайындығы 2018 жылғы 5 қаңтарда аяқталады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"