Қазақстанның Қарулы Күштерінде отшашар бөлімшелерінің оқу жиындары өткізілді

«Берег» полигонында «Реактивті жаяу әскер отшашарларын қолдану қағидалары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері отшашар бөлімшелерінің оқу жиындары аяқталды.

Далалық жағдайларда жиынға қатысушылар атысты бастау шебіне жасырын түрде қозғалуды, оқу жауынгерлік жағдайдың әртүрлі жағдайларында нысананы таңдау, басып алу және шығаруды пысықтады.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер тактикалық нормативтерді зерделеп, РПО-А реактивті жаяу әскер отшашарларын қолданудың негізгі қағидаттарын меңгеріп, сондай-ақ, практикалық оқ атуларды орындады. Қазіргі уақытта отшашар тасаланған атыс нүктелерін, жеңіл броньдалған техника мен қарсыластың жанды күшін жою үшін арналған жеке қарудың қуатты түрлерінің бірі болып табылады.

Оның маңызды жауынгерлік артықшылығы артиллерия мен армиялық авиацияны қолдану тиімсіз болған кезде қолжетімсіз нысандарды жою мүмкіндігінен негізделген. Отшашардың әрекет ету қағидаты жоғары қысым және жоғары температуралық алаңмен жойқындау аясын құруда негізделген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"