Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру басталды

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру өткізілуде.

 Жаттықтыруға Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің жедел құрамы, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, сондай-ақ, өңірлік қолбасшылықтар тартылды.

Командалық-штабтық жаттықтыру үйренуші басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің дағдарыстық ахуалдарға ден қоюға жауынгерлік әзірлігін тексеру, сонымен қатар, арнайы операцияларды ұйымдастыру кезінде үйлесімділік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Желтоқсанның 2-і мен 9-ы аралығында Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік бойынша тактикалық-саптық сабақтар жалғасатынын айта кеткен жөн. Олар взвод, рота (батарея, буын), батальон (дивизион, эскадрилья) құрамында, содан кейін бригада (база, полк) құрамында, әрі қарай өңірлік қолбасшылық әскерлері, ҚК әскер тектері, түрлері құрамында өткізіліп, Қарулы Күштер ауқымында аяқталады.

Жалпы алғанда, тактикалық-саптық сабақтар өткізілетін кезде жеке құрамды хабардар ету, басқару пункттерінде жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру мен жергілікті басқару органдары және өзге әскерлер мен әскери құралымдардың  аумақтық басқару, сондай-ақ, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету органдарымен жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру мәселелері пысықталады. Құрлық әскерлерінде бөлімшелердің роталық лектерді қалыптастыру аудандарына шығуы, жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі, аумақтық қорғаныс құралымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру пысықталады.   Әуе қорғанысы күштерінде стационарлық және жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі, аймақтық қағидат бойынша әуеайлақтардың күзетілуін күшейту жүргізіледі.   Әскери-теңіз күштерінде корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуы жүзеге асырылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"