Қазақстанның Қарулы Күштері Әскери барлаушы күнін атап өтуде

5 қараша – барлау бөлімшелері әскери қызметшілерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы дәл осы күні Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының Барлау басқармасы құрылды.

Әскери барлау мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.
Бүгінгі күні арнайы операциялар күштері, барлау бөлімдері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелер қарқынды дамуда.
Жедел, жауынгерлік даярлық іс-шаралары барысында барлаушылар дағдыларын және шеберліктерін жетілдіріп, шыңдайды. 2021 жылы барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері «Қалқан», «Іздеу», «Отпантау» оқу-жаттығуларына қатысты. Соңғы маневрлер барысында әуе және жер үсті барлауының бүкіл іс-қимылдарын әскерлер топтары іске асырды. Нәтижесінде шартты қарсыластың күштері мен құралдарына жоғары дәл соққылар жасалды. Оқу-жаттығулар мен кешенді тексерулердің нәтижелері Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандарды даярлаудың шетелдіктерден кем түспейтін дербес, отандық жүйесі барлығын дәлелдейді.
Аса күрделі, өмірге қауіпті тапсырмаларды орындауда барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері айрықша төзімділік, батылдық пен кәсіби шеберлік көрсетеді.
Отанға шын берілу, борышыңды сезіну, жанқиярлық таныту – мемлекет мүдделерін қорғау жолындағы әскери барлаушылардың басты қасиеттері.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"