Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері кәсіби мерекені атап өтуде

2000 жылғы 6 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ұтқыр күштер құрылып, кейіннен Аэроұтқыр әскерлері болып қайта аталды. 2017 жылы қазіргі заманғы құрылыммен Десанттық-шабуылдау әскерлері болып қайта ұйымдастырылды.

Құрылған кезден бастап осы әскер тегіне генерал-майор Уәли Еламанов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев, генерал-майор Әділбек Алдабергенов, генерал-майор Дәулет Оспанов, генерал-майор Алмаз Джумакеев, генерал-майор Қайдар Қарақұлов, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров басшылық етті. Бүгінде десанттық-шабуылдау әскерлерін генерал-майор Мереке Күшікбаев басқарады.
Қазіргі десанттық-шабуылдау әскерлері – бұл ұтқырлығы жоғары және соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік ретте де, негізгі күштерден алыста да, оның ішінде қарсылас тылында да міндеттерді орындауға қабілетті әскер тегі.
Олардың жауынгерлік әлеуетін десанттық-шабуылдау, артиллериялық, шабуылдау, барлау, бітімгершілік құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері құрайды.
Десанттық-шабуылдау әскерлері бітімгершілік қызметті жүзеге асыруда зор үлес қосуда. 2003 – 2008 жылдары «Қазполктің» әскери қызметшілері Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысты. 2018 жылдан бастап «Қазполктің» және «Тілендиев» бітімгершілік даярлық орталығының базасында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» үшін қазақстандық контингентті даярлау жүзеге асырылуда.    
Десанттық-шабуылдау әскерлері барлық, оның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысады. Армиялық халықаралық ойындар сайыстарында қол жеткізген көрсеткіштері жоғары.
Десантшы-жауынгерлер әрқашан жоғары даярлық деңгейін, кәсіби шеберлігін, қиын да күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетуде.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етудің қай кезеңде болса да абырой-беделі асқақ. Бөлімдер мен бөлімшелерді жасақтау қатаң іріктеу арқылы жүргізіледі, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің спорттық разряды бар және психологиялық тұрғыдан өте төзімді болып келеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"