Қазақстанның әскери теңізшілері халықаралық қару-жарақ көрмесіне барып қайтты

Қазақстан делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен «ХӘТС-2021» оныншы Халықаралық әскери-теңіз салонына қатысты.

Сапар барысында әскери сарапшылар кеме жасау және теңіз қару-жарағы саласындағы әлемдегі жетекші өндірушілердің озық жетістіктерімен танысты.
-    Аталған көрмеге барудағы басты мақсат – келешектегі жобалар бойынша келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштеріне арналған қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысу, - деді 2-дәрежелі капитан Асланбек Сырланов.
«Алмаз» орталық теңіз конструкторлық бюросы» акционерлік қоғамы мен  «Ленинград кеме жасау зауыты «Пелла» ашық акционерлік қоғамы мамандарының қатысуымен әскери-теңіз күштерінің техникасы мен қару-жарағын жаңартудағы бірлескен жобаларды әзірлеуге байланысты техникалық консультациялар өткізілді.
Іскерлік бағдарлама аясында қазақстандық мамандар «Әскери-теңіз флоты және қазіргі жағдайда кеме жасау» атты он бірінші Халықаралық конференцияға қатысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"