Қазақстанның әскери қызметшілері Эльбрус шыңына шығады

Эльбрус шыңына шығу – Ресейдегі Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберіндегі «Эльбрус шығыршығы» байқауына қатысып жатқан әскери қызметшілерге арналған шешуші сынақ дәл осындай болмақ.

Байқаудың абсолюттік жеңімпазын айқындайтын 5 642 метрлік шыңды бағындырар алдында бөлімшелер ұзындығы 20 шақырымдық және биіктігінің жалпы құламасы 2,2 шақырымдық  таулы бағдарды еңсеруі тиіс.   Бірақ, мұның барлығы байқаудың соңында болады. Ал әзірге әскери қызметшілеріміз Ресей, Қытай және Иранның өкілдерімен бәсекені өзге де күрделі байқау сындарында жалғастыруда. Қатысушылар 10 арнайы тапсырманы артқа тастады. Әскерилер құзды және мұзды учаскелерді, шатқалдар мен асуларды еңсерді, Ми-8 тікұшақтарынан десанттады және көп шақырымға жүгірді. Өз елдерінің, оның ішінде, қазақстандық  қарулы күштерінің намысын қорғайтын командалар өздерінің мүмкіншіліктері шегінде жұмыс атқарды. Алдын ала нәтижелер бойынша жалпы есепте Қазақстанның командасы қазір үшінші орында. Таулы бөлімшеміз Иранның өкілдерінен озып келеді. Алайда, әзірше Ресей мен Қытайдың командаларынан жеңіліс табуда. «Эльбрус шығыршығы» байқауы 11 тамызға дейін Кабардин-Балқар республикасының Теріскөл кентіндегі Таулы дайындық және АОСК-ның аман қалу орталығының базасында жалғасады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"