Қазақстанның әскери және қос мақсаттағы бұйымдары Ресейдегі форумда ұсынылды

ҰҚШҰ-ның делегациясы Бас хатшы Николай Бордюжаның басшылық етуімен бұл күндері Ресей Федерациясында өтіп жатқан «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық стендті көруге барды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Ыдырысов ұлттық компанияның қызметі туралы әңгімелеп, меймандарды техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерімен таныстырды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың экспозициясымен ресей кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздерге қатысу үшін Кубинка қаласына келген ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров та танысты.

Қазақстан форумда алты кәсіпорын өнімін ұсынды. Олар: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС,  «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, АО «№405-авиажөндеу зауыты», сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы. Компанияның стендтінде әскери және қос мақсаттағы бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылған. Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарды өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының сұлбалары, сондай-ақ, қазақстандық өндірістің броньды кеудешелері, дулығалары мен әскери киім-кешегі бар. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"