Қазақстандықтар үшін маңызды күн

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің бірлігін, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғырлы болуын қамтамасыз етіп отырған жетекші тұлға. Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес Елбасымыз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқының алдындағы еңбегі орасан зор. Біздің Елбасымызға деген алғысымыз, ыстық ықыласымыз шексіз. Қазақстан елі тәуелсіздігін алғалы ширек ғасыр ішінде әлем картасында өзіміздің орнымызды нық белгіленгенінің өзі – тікелей еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. Бір сөзбен айтқанда, Казақстандықтардың мақтан тұтарлық көшбасшысы бары айдан анық.

30 қарашада Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

         Іс-шараны мектеп бастығы полковник Г.Түлеушев ашып беріп, үлгілі ұландар қатары, әскери қызметкерлер, мұғалімдер мадақтамамен марапатталып, оларға алғыс жарияланды.

         Жиынға қонақ ретінде Шымкент гарнизонының өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, ата-аналар қатысты.

Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп ұландары ән айтып, би билеп, фольклорлық топ күй орындап, естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Ж.Сейдулла

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі,

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша маман-

қызметкер

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"