Қазақстандық теңізшілер Нева мен Фин шығанағында корабльді практикадан өтті

Дайындықтан кейін әрі қарай қызмет атқару үшін Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласынан Ақтауға «Алатау» су жаңа мина сүзетін кораблінің экипажы оралды.

ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Санкт-Петерборда шамамен 5 ай болды. Корабль экипажы РФ Әскери-теңіз флоты әскери оқу-ғылыми орталығы шетелдік әскери қызметшілерді дайындау орталығының базасында теориялық дайындықтан ойдағыдай өтіп, Нева өзені мен Балтық теңізінің Фин шығанағында корабльді практикадан өтті. Сондай-ақ, корабльдің зауыттық жүріс сынамаларына қатысты. Мина-тартқыш кораблі ҚР ҚК-дегі мұндай үлгідегі алғашқы кеме болып табылатынын ескере отырып, экипаж конкурстық негізде іріктелді.

Ол үшін арнайы комиссия құрылды. Осы корабльде қызмет жасағысы келген әскери қызметшілер дене даярлығын, әскери-теңіз ісін білу бойынша сынақ тапсырды.  Санкт-Петерборда, олардың арасында мина-тартқыш кораблінің командирі,  командирдің көмекшісі, жауынгерлік бөлімдердің командирлері, команда старшиналары мен жауынгерлік бөлімдердің техниктері бар 12 теңізші әскери қызметші корабльде оқып-үйреніп, оның құрастырылуы барысында кеменің техникалық сипаттамаларын зерделеді.

Санкт-Петербор қаласындағы Невск кеме құрастыру зауытында қазақстандық армияның жарақтандырылуы үшін су жаңа мина сүзетін кораблі құрастырылғанын естеріңізге сала кетейік. Мұндай тартқыш өз өндірісінде бірден-бір болып келеді және композиттік материалдардан жасалған жаңа үлгідегі жаңғыртылған корабль болып табылады. Корабль базаның су айдындарын, кемежайларды, фарватерлер мен жаға маңының бөлігін минаға қарсы қорғау үшін арналған.  Бұл кеменің пайдаланылуға берілуі қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"