Қазақстандық «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратының кезекті сынағы сәтті өтті

Нұр-Сұлтан қаласының маңында отандық өнім «Шағала» барлау ұшқышсыз ұшу авиациялық кешенінің далалық сынақтары өтті.

Аталған құрылғыны Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірледі.
Қазіргі уақытта бұл аппарат сынақтардың соңғы сатысынан өткізілуде. Ол түрлі ауа райы мен әркелкі жер жағдайларында бірнеше рет сыналып, жақсы нәтиже көрсетті.
– «Шағала» ұшу аппаратынан, жер үсті сегментінен тұрады және соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған жүйе. Бұл қазақстандық әскери ғалымдар толық шығарған алғашқы жоғары технологиялық өнім. Жеке бағдарламалық жасақтамасы – оның басты ерекшелігі болып табылады. Аппараттың бірнеше қорғаныс деңгейі бар. Бұл біз дайындаған өнім, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
Ұшқышсыз ұшу аппараты бағыт бойынша ұшуда, жердегі объектілерден ақпарат алып, оны операторға жеткізеді. Барлау авиациялық кешенінің ұшу қашықтығы – 30 шақырымды, барынша жылдамдығы – 110 км/сағ, теңіз деңгейінде ең биік ұшуы – 3500 метрді құрайды. Әуеде екі сағат болып, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде беріктігін сақтайды. Бұл құрылғы отандық бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, сонымен қатар криптографикалық хаттамамен жабдықталған.
«Шағала» ұшқышсыз ұшу құрылғысы техникалық сипаттамасы жағынан шетелдік құрылғылардан кем түспейді, сонымен қоса оның бағасы шетелдік үлгілерден айтарлықтай төмен.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сынақты бақылады. Ол «Шағаланың» қазіргі таңда Қазақстанда әскерлердің оқу-жаттығу кезінде пайдаланатын барлау-ату және барлау-соққы беру кешеніне айналатын элементтердің бірі болуы мүмкін екенін атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"