Сержанттар «Достастық жауынгері» халықаралық байқауына дайындалуда

ҚР Қарулы Күштерінде достастық армиялары әскери қызметшілерінің VIII  халықаралық «Достастық жауынгері»  әскери-кәсіби шеберлік байқауына қатысу үшін жалпыәскери іріктеу туры аяқталды.

Іріктеу «Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы 36352 әскери бөлімінің базасында аяқталды. Практикалық сабақтарда алаңда әскери қызметшілер өздерінің машықтары мен кәсіби шеберліктерін паш етті.  Биылғы жылы әйел әскери қызметшілер ерекше табандылық пен жақсы дайындық көрсетті. Іріктелініп алынған үміткерлер бір ай бойы байқау бағдарламасы бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Шешуші іріктеуден кейін бір ғана команда қалады.  Дәл сол команда «Достастық жауынгері» байқауында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен сержанттар мен сарбаздар (олардың ішінде 1 әйел) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген 4 әскери қызметшіден құралған команда тартылады. Іріктеу бойынша іс-шаралар үш кезеңде ұйымдастырылады: 1)      өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері ауқымында өткізілген байқау жеңімпаздары санынан 12 адамды (3 команданы) іріктеу;  2)      байқау бағдарламасы бойынша іріктелініп алынған үміткерлердің іс жүзіндегі дайындығы; 3)      4 адам санында қазақстандық команданың шешуші іріктелінуі. Байқау 5 кезеңнен тұратынын естеріңізге сала кетейік. Атап айтқанда, «Атлет» әскери-спорттық кезеңі, «Кәсіпқой» әскери-кәсіби кезең, оқ ату даярлығы бойынша «Мерген» сайысы, «Кавалер/Ханым» көркем-әдеби және би шығармашылық байқауы, әскери тарихты білуі бойынша «Білімпаз» байқауы. Достастық армиялары әскери қызметшілерінің «Достастық жауынгері»  VIII  халықаралық әскери-кәсіби шеберлік байқауы 2015 жылы Қазақстан Республикасының аумағында өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Онда қазақстандық әскери қызметшілер байқаудың барлық аталымдарында бірінші орындарды еншілеген болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"