Қазақстандық өндіріс өнімдері халықаралық көрмеде көптеп қойылмақ

Қазіргі таңда елімізде маусымның 2-5 аралығында өтетін «KADEX-2016» көрмесіне дайындық қызу жүруде. Биылғы жылы осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып жатқан аталмыш көрмеде Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өнімдері паш етілмек.

Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің статикалық экспозициясын ұйымдастыру үшін 15 мыңдай шаршы метр, сондай-ақ, 8 жабық павильон бөлінген. Мұнда әлемнің әр елінен келген қатысушы компаниялар орналастырылады. Бүгінгі таңда көптеген әскери техника өндіруші компаниялар өз өнімін көрмеге ұсынуға әзір. Бұл ретте, шетелдік қатысушылардың, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдердің өкілдерінен өтінімдер күн сайын келіп түсуде.

Бұл көрменің бас­ты мақсатының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Осы орайда айта кетейік, отандық өндіріспен айналысатын «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынбақ. Соның ішінде, Қазақстандық кәсіпорындар «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде әскери мақсаттағы өнімді, яғни, тікұшақтарды, ұшу тренажерларын, электрондық-оптикалық аспаптарды,  жаңғыртылған әскери техниканы, оның ішінде, понтонды-көпірлік парк жүйесінің өзендік буыны мен КамАЗ-63502 автомобильдерінің базасындағы ауыр механикаландырылған көпірд және тағы басқа өнімдерді ұсынбақ.

Сонымен қоса, IV халықаралық «KADEX-2016»  қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде «Тыныс» акционерлік қоғамы  өзінің меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақты, оның ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондарды көрсетпек.  Бұл кәспорын 2012 жылдан бастап барлық үлгідегі қорғаныс броньды кеудешелермен Қазақстанның Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әлеуетті құрылымдардың қызметшілерін қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі таңда зауыт – еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші.

Тағы айта кетерлігі, «KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамындағы «Семей инжиниринг» АҚ жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгілерін көрсетуді жоспарлауда. Атап айтқанда, броньдалған жөндеу көшіру транспорттық көлігі (БРЭТМ) мен конверсиялық дөңгелекті техника.

Броньды жөндеу машинасы далалық жағдайларда техникалық қызмет көрсетуге және броньды транспортерлерді жөндеуге, шынжырлы және дөңгелекті техникаларды тіркеуге алуға, түрлі жүктер мен запастағы материалдық-техникалық заттарды тасымалдауға, сондай-ақ жеке құрамды көшіруге арналған көлік.

Конверсиялық дөңгелекті техника зауытта БТР базасында әзірленді. Бұл техниканың жүру қабілеті жоғары, сондай-ақ күрделі жол жағдайлары мен жолсызда, стихиялық апаттар салдарынан зардап шеккендерді тасымалдау мақсатында қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, 2010 жылы бастау алған  «KAZAK­HSTAN DEFENCE EXPO – 2010»халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесі арқылы да ҚР Қарулы Күштері  жаңа ха­лық­аралық аренаға қару-жарағымен, әс­кери техника мен байланыс және әскери мүл­кі­мен танылды.

Биыл төртінші мәрте ұйымдастырғалы отырған  KADEX-2016» халықаралық көрмесі де мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында, зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға, әскери құрал-жабдық пен техника шығаратын қорғаныс өндірісінің әлеуетін арттыруда көз сүйсінтер іс болайын деп тұр. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"