Қазақстандық әскери техникалар "Армия - 2016" халықаралық форумында көрсетіледі

Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 2016 жылдың 6-11 қыркүйегінде Ресей Федерациясының (Мәскеу облысы Кубинка қ.) жоспарланған «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумына алғаш рет қатысады.  

 «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясы тобы алты компаниямен ұсынылды: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.Киров атындағы зауыты» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ, сонымен қатар, «Zhasampaz» консорциумы.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ашық аланда БТР «Барыс 8x8» және «КАЕ»-да өндірілген «САРП» 12,7 мм жауынгерлік модулі бар «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасын таныстырады. Форумға қатысушылар мен қонақтар «Арлан» БДМ «Алабино» сынақ алаңындағы 7-8 қыркүйектегі көрсетілімдер барысында тамашалай алады.

Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындар 184 шаршы метрлік стендте 46 табиғи үлгіні және 13 әскери және қос мақсаттағы макеттік өнімді көрсетілімге қояды.

Сонымен, «КАЕ» ЖШС өндірілетін өнімнің негізгі желісі түнде көру көздеуіштерін, жылу визиялық жүйелерді, сондай-ақ, барлау және қадағалау аспаптарын қояды.

«С.Киров атындағы зауыты» АҚ, «Қарағай» орташа қуатты радиостанциясын, «Ақтерек» релелік станциясын және «Ақ қайың» тропосфералық релелік станциясын көрсетеді. Одан өзге, ол халықаралық, соның ішінде, әр түрлі жаттығуларды орындауда (Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) соңғы бірнеше жылдан астам пайдаланылған ұялы байланыс құралдары көрсетілетін болады.

«С. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ кемелер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кемелік гидравликаның түрлі толымдаушы бұйымдарын ұсынады. Сонымен қатар, зауыт суасты қайықтарының және кемелерді жабдықтау үшін өзі бағытталатын торпеданың сұлбасын  шығарады.

«405 авиажөндеу зауыты» АҚ Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайларын форумда  көрсетілімге қояды.

«Zhasampaz» консорциумы «Армия-2016» форумының қатысушылары мен меймандарына «Тыныс» АҚ зауытының броньды кеудешелерін, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегін көрсетеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"