Қазақстандық әскери қызметшілер «Шекара-2021» оқу-жаттығуына қатысуда

Қырғызстанның «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығында ҰҚШҰ Орталық Азия өңіріндегі Жедел өрістетілетін ұжымдық күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өтуде. Оған Қазақстанның штаттық техникасымен десанттық-шабуылдау бөлімшелері, Су-30 СМ көпмақсатты жойғыштары тартылды.

Бірлескен жаттығуларға Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің және Тәжікстанның жедел топтары мен әскери контингенттері жұмылдырылды.
ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің басқару органдары лауазымды тұлғаларының практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бірлескен операция барысында міндеттерді орындау кезінде ОАӨ ЖӨҰК бөлімшелерінің үйлесімділігін арттыру – маневрлердің мақсаты болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік аймағының жедел өрістетілетін ұжымдық күштері ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға, оның ішінде сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беруге және терроризмге қарсы бірлескен операцияларды жүргізуге қатысуға арналған.






Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"