Қазақстандық әскери дәрігерлер жолаушыға көмек көрсетті.

Қазақстандық әскери дәрігерлер Лондонның Хитроу әуежайында өзін жайсыз сезінген жолаушыға көмек көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның «Казбат» бітімгершілік батальоны Ұлыбританияға «Дала қыраны-2016» арнайы тактикалық оқу-жаттығуына қатысу үшін ұшып келген.

Олар Хитроу әуежайында паспорттық бақылау кезінде өзін жайсыз сезінген жолаушы әйелге алғашқы медициналық жәрдем жасады. Көмек әуежайдың медициналық қызметі өкілдері келіп жеткенге дейін дер кезінде көрсетілді.

Айта кетейік, шілденің орта тұсында басталған «Дала қырандары-2016» халықаралық арнайы тактикалық оқу-жаттығуына Қазақстан, Біріккен Корольдік, АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің әскери қызметкерлері қатысуда. Жаттығу Ұлыбританияда 30-шілдеге дейін жалғасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"