Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас Отан қорғаушылар айрықша сый тарту етті

16 желтоқсан күні еліміз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеді. Осыған орай. Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында, еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер, патриоттық жиындар, әскери-сапорттық сайыстар мен отбасылық іс-шаралар өтуде.

Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері барша қазақстандықтарды келе жатқан мейраммен алғашқылардың бірі болып құттықтауға бекінді. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жас Отан қорғаушылар мерекелік датаны білдіретін «25» деген санға сап түзеп, өзгеше акция өткізді. «Мен өз Отаным - Қазақстанды сүйемін», - деп ағынан жарылды ұлан Айбек Жарков.

Қазіргі кезде мен «Жас ұлан» мектебінде білім алып жүрмін. Мен ертеңгі күніме сенімдімін. Сондықтан болашағымды жасай отырып, мемлекетке бір пайдамды тигізгім келеді. Біз – болашақ ұрпақ, мемлекетіміздің келешегі діттеген мақсатымызға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз». Осылайша, Қазақстанның түкпір-түкпірінде білім нәрін сусындап жүрген жасұландықтар барша қазақстандықтарды құттықтап қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында казнетте бастау алған «#I_LOVE_KZ» флешмоб-акциясын қолдады.

Флешмобты танымал қазақстандық жұлдыздар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері де қолдады. Бірнеше мыңдаған адам өздерінің парақшаларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аясындағы фотосуреттерді орналастырды. Қазақстандықтар да өз еліне деген сүйіспеншіліктерін білдіре отырып, желіде шағын мәтіндері мен роликтерін орналастыруда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"