Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде тіл айлығы аяқталды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Тіл – татулық тірегі» айлығы аяқталды. Айлық 22 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында өткізілген.

Айлық жоспарына сәйкес 16194 әскери бөлімінде де  бірталай  іс-шаралар ұйымдастырылды.  Бөлім бөлімшелері арасында «Қазақстанның болашағы -  қазақ тілінде» тақырыбында байқау-конкурс өтті. Байқауға әскери бөлімдегі  қазақ, орыс, украин, ұйғыр, татар халқының  ұлттары қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салды.  Байқау қорытындысы бойынша 1-байланыс  батальонының «Айбын» тобы І орынды жеңіп алса, ал екінші орынды 2-байланыс батальонының «Достық» тобы еншіледі. 

Сонымен қатар, әскери қызметшілер арасында мәнерлеп оқудан «Абай оқуы» байқауы  ұйымдастырылды.  Абайдың өлеңдерін  мәнеріне келтіріп оқылды, әнмен де орындалды. «Абай оқуы» байқауынан үздік  болып кіші сержант С.Қадылбекова анықталды. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"