Қазақстан ресейлік Ил-76 әскери-көліктік ұшақтарына алғашқы тапсырыс беруші бола алады

Қазақстан ресейлік Ил-76МД-90А әскери-көліктік ұшақтарына тапсырыс беруде Алжир, Иран мен ОАР-ды басып озуы мүмкін, деп жазды "Коммерсантъ".

Сейсенбі күні ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов өзінің әріптесі Сергей Шойгумен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәскеу мен Астана Як-152 оқу ұшағын және Як-130 оқу-жауынгерлік ұшағын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуді бастады. Ил-76МД-90А әскери-көліктік ұшақтары жайлы да сөз қозғалды: егер тараптар келісімшарт параметрлеріне тез мәмілеге келсе,  Қазақстан Алжир, Иран мен ОАР-ды басып озып, жаңа «Ил» ұшақтарының алғашқы шетелдік тапсырыс берушісі бола алады.

С.Шойгу Қазақстанға соңғы екі айда екінші рет келіп отыр: 8 маусымда қару-жарақ жеткізу мәселелері және басқа да мәселелер талқыланды. Қазақстандық әскери мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, министрлер Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында мемлекетаралық келісімді бекіту мәселелерін қарастырды. Келісім ұйымға мүше мемлекеттер арасында әскери тауар өнімдерін өткізуді, әскери көлік пен транзитті оңтайлатуды көздейді.

Қазақстанның қайта жарақтану бойынша, әсіресе авиация саласында жоспарлары өте ауқымды. Авиация саласында бірнеше жобалар жүзеге асуы мүмкін, делінген "Коммерсантъ" газетінде.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. 2015 жылы тараптар Қазақстан қарулы күштеріне ресей әскери техникасын ресей әскерилерімен бірдей бағада сатып алуға рұқсат ететін келісімге қол қойды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"