Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері бітімгершілік миссиядан оралды

Бір жыл бойы майор Рауф Наурузбаев пен Андрей Алчинов 30-дан аса мемлекеттің өкілдерімен қатар Батыс Сахарада бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясын орындады.

Батыс Сахарадағы көпұлтты контингентте тоғыз базамен ұсынылған. Онда олардың әрқайсысында бір жыл бойы 23 офицер қызмет етуде. Одан кейін ротациялық негізде олардың алмастырылуы жүргізіледі.

«Батыс Сахарада әскери бақылаушылар ретінде әртүрлі мемлекеттер Қарулы Күштерінің өкілдері қызмет атқаруда. Әлемнің 30 елінен аса келген әскери қызметшілермен бірге біз өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды қамтыған белгіленген миссия мандатына сәйкес әскери бақылаушылардың міндеттерін атқардық. «Еліміздің басшылығы жүктеген жауапты тапсырмаларды ойдағыдай орындап шыққанымызға қуаныштымыз», - деп майор Рауф Наурузбаев атап өтті.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"