Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясынан оралды

Қазақстан Қарулы Күштерінің офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясынан оралды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясынан Қазақстанға Қарулы Күштердің офицері подполковник Асқар Қожағалиев оралды.

Тура бір жыл қазақстандық әскери қызметші африкалық елде болды. Бұл уақыт ішінде ол екі базада қызмет атқарды. Соның біреуіне командир болып тағайындалды. «БҰҰ-ның миссиясына қатыса отырып, мен қажетті тәжірибе жинақтадым және әрине, алған біліміммен бөлісуге дайынмын.

Бұдан бұрын Батыс Сахарадағы миссияларға қатысқан офицерлеріміз өздерін кәсіби және тәжірибелі мамандар ретінде көрсете білді», - дейді Асқар Қожағалиев. Миссияда әскери бақылаушылар белгілі бір тапсырмаларды атқарады. Яғни, уақытша бітімнің сақталуын қадағалайды, бөлінген жауапкершілік аймақтарын патрульдейді.

Бір уақытта бір базада бірден әр мемлекеттің әскери қызметшілері болады. Асқар Қожағалиевтің айтуынша, кімнің қай елден келгеніне қарамастан, миссияға қатысушылар үнемі бір-бірлеріне демеу болып, қолдау көрсетуге және тапсырмаларды жұдырықтай жұмылған ұжым ретінде орындауға тырысады. Одан басқа, бітімгершілік миссияларға қатысуда тәжірибелері бар офицерлер алған тәжірибелері төңірегінде әріптестерімен қуана-қуана бөлісуде. Қазіргі уақытта Батыс Сахара (MINURSO) және Кот-д Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның миссияларында әскери бақылаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа

Пистолет-пулемет ПП-2000 - незаметный "друг" спецназа