Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери полициясы 25 жылдық мерейтойын атап өтуде

Ел Президенті «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған 1997 жылғы 22 сәуір әскери полицияның құрылған күні болып табылады.

Әскери полиция органдары құрылған кезде посткеңестік кеңістікте мұндай әскери құқық қорғау жүйесі әлі болған жоқ еді.  
Қысқа мерзімде Әскери полиция туралы ереже әзірленіп, бекітілді. Құжаттың негізінде Қарулы күштер құрамындағы органның міндеттері мен функциялары айқындалды.
Алғашқы кезеңдерде әскери полиция қызметкерлерінің қызметі әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, патрульдеумен, әскери қызметшілерді іздестірумен және әскери қылмыстарды анықтаумен шектелді.
Тәжірибенің артуымен әскери полицияның міндеттері мен функциялары кеңейтілді. Бұл орган Қарулы күштерде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың алдын алу өкілеттігін алды. Әскери полиция бас басқармасы – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірлеушілердің бірі. Мамандар әскери қызмет саласындағы жемқорлықты азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум дайындады.
Әскери полицияның 2014 жылы енгізілген «ҚР ҚК құқықтық тәртіп жағдайын есепке алу» жеке ақпараттық жүйесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Жүйе әскери полицияның барлық органдарынан оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты ілеспе фото және бейнематериалдармен қоса санаулы секунд ішінде жинауға мүмкіндік береді.
Қарулы күштердің көлік құралдарын тіркеудің бірыңғай желіге тұйықталған электрондық базасы енгізілді. Бұл тіркелген көлік құралдарын нақты уақыт режимінде тіркеуге және ол туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Одан өзге, кинологиялық қызметтің пайда болуы маңызды сәт болды. Оны деңгейін арттыру үшін едәуір жұмыс жасалды. Қазір Қазақстанда әскери кинологтардың кәсіби шеберлігі мен иттерді қолданудың тиімділігі мойындалып, халықаралық деңгейде бағаланды.
2019 жылғы тамызда әскери полиция органдарының функциялары әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен толықтырылды. Осы мақсаттар үшін жеке басқарма құрылды. Оған барлық әскери бөлімдердегі, жергілікті әскери басқару органдарындағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ барлық қауіпті азайту бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу міндеттері жүктелді.  
25 жыл ішінде әскери полиция құқық бұзушылықты бақылау мен алдын-алудың тиімді жүйесін құра алды. Оның жұмыстарының оң нәтижелері елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"