Қазақстан мен Корея Республикасының арасында негізгі басымдықтар талқыланды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров  Корея Республикасы ҚМ Әскери барлау агенттігінің басшысы вице-адмирал Пак Донг Вумен кездесу өткізді.

Генерал-майор Талғат Мұхтаров қауіпсіздік аясындағы бүгінгі шынайылық тығыз өзара іс-қимылды ретке келтіру қажеттілігін көрсететінін атап өтті.  

«Қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою және алдын алу мақсатында достастық елдері арасында тұрақты байланыс болғаны аса маңызды. Бұл мәнмәтінде біз Астанадағы Корея Елшілігі жанындағы әскери атташе аппаратының ашылуын құба-құп көреміз. Кореялық серіктестеріміздің тарапынан бұл қадам қорғаныс саласында екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысындағы ұстануды паш етеді. Бұл мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықтың жаңа белесіне айналатынына сенімдімін».

Сондай-ақ, кездесуде екі елдің халықаралық әскери ынтымақтастығының негізгі басымдылықтары да атап өтілді. Олардың арасында әскери білім мен ғылым әскерлерді даярлау жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту жөнінде бірлескен өндірістерді құру болып табылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"