Қазақстан мен Жапония әскери-медициналық қызметтерінің өкілдері жұмыс тәжірибелерімен алмасты

Алматы ҚР Қорғаныс министрлігі әскери медицина орталығының базасында ҚР Қорғаныс министрлігі мен Жапония өзін-өзі қорғау күштері медициналық қызметтері өкілдерінің әскери-медициналық семинары өтті.

Семинардың жұмысына Жапония Қорғаныс министрлігі қорғаныс саясат департаменті басқармасы бастығының орынбасары Чинатсу Сузуки ханымның жетекшілік етуімен Жапония өзін-өзі қорғау күштері әскери дәрігерлерінің жапондық делегациясы, ал қазақстандық тараптан ҚР ҚМ Әскери медицина орталығының оқытушылар құрамы мен ҚР Қарулы Күштері әскери-медициналық қызметінің өкілдері қатысты. Әскери-медициналық мамандар Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде бітімгершілік миссияны орындауға аттанатын бөлімшелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ әскери-медициналық мекемелерде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін қозғады. Кездесу аяқталысымен тараптар Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері өкілдерінің 2022 жылы Астана қаласында өтетін Бейбітшілік үшін серіктестік (IAPTC) оқу орталықтары халықаралық ассоциациясының конференциясына қатысу мүмкнідігін талқылады. Өз кезегінде, жапондық тарап ҚР Қорғаныс министрлігімен әрі қарайғы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын білдірді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"