Қазақстан мен АҚШ ҚК әскери басшылығымен ынтымақтастықтың басымдық бағыттары белгіленді

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығы Құрлық компонентінің қолбасшысы  генерал-лейтенант Майкл Гарретпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты әскери ынтымақтастығының ағымдағы өзекті және перспективалық мәселелері талқыланды. Оның ішінде, 2018-2022 жылдарға арналған бес жылдық жоспардың жаңа жобасымен жұмыс жасау тілге тиек етілді. Соның ішінде, әскери-далалық медицина, инженерлік-саперлік бөлімшелердің жеке құрамын даярлау саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын өрістету бойынша ортақ мәселелер талқыға салынды.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар қазақстандық бітімгершілік әлеуетті нығайту аспектілері мен өңірлік қауіпсіздіктің жалпы мәселелерін қозғады. Ресми сапар шеңберінде американдық делегацияның ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығына және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне баруы жоспарланғанын айта кеткен жөн.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов, сондай-ақ, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығы Құрлық компонентінің қолбасшысы генерал-лейтенант Майкл Гарретпен екіжақты кездесу өткізеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"