Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бірінші бас қолбасшысы 70 жасқа толды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бірінші бас қолбасшысы контр-адмирал Ратмир Комратовтың туғанына 70 жыл толуына арналған шара өтті.

Бұл шараға «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов, запастағы полковник Амангелді Ибраев қатысты.
Қорғаныс министрі атынан контр-адмирал Ратмир Комратовқа І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табыс етілді.
Ел Әскери-теңіз күштерінің бірінші бас қолбасшысын құрметтеу шарасы Ақтау қаласында да өтті. Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы 2051 жылға жолдау салынған капсуланы қойды.
Контр-адмирал Ратмир Комратов 1951 жылы 23 маусымда дүниеге келді. Оның әкесі – екі рет Қызыл Ту орденімен, үш мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен және көптеген медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагері. Анасы – 42 жыл білім беру жүйесінде жұмыс істеген Қазақ КСР құрметті мұғалім.
1967 жылы Ратмир Комратов Жамбыл қаласындағы № 8 орта мектепті бітірді. 1973 жылы – Жоғары әскери-теңіз инженерлік училищесін бітіріп, екінші Камчатка флотилиясының зымыран-атом сүңгуір қайығында қызмет етеді. Бұдан әрі ол КСРО Әскери-теңіз флотының бөлімшелерінде түрлі лауазымдарды атқарды.
1983 жылдың ақпан айында үшінші дәрежелі капитан Ратмир Комратов Орал қаласына КСРО ҚМ әскери өкілдігінің кіші әскери өкілі лауазымына келді.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігі басшылығының шешімімен 1988 жылы А.Гречко атындағы Кеңес Одағының маршалы атындағы Әскери-теңіз академиясына оқуға жіберілді. Кейін Орал қаласындағы «Зенит» зауытында КСРО ҚМ Әскери өкілдігінің басшысы қызметін жалғастырды.
1992 жылы Комратов Қазақстан Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі жоспарлау-экономикалық басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1993-1999 жылдары әскери-теңіз базасының командирі, әскери-теңіз күштерінің қару-жарақ және кеме жасау жөніндегі қолбасшысының орынбасары, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы-бірінші әскери-теңіз базасының командирі лауазымдарын атқарды. Содан соң Бас әскери инспекцияда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылығында қызмет етті.
2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың шілдесіне дейін офицер Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, 2010 жылдың шілдесі мен наурызы аралығында Қорғаныс министрінің орынбасары  лауазымдарын атқарды.
2010 жылдың наурызында  Армия адмиралы Ратмир Комратов құрметті демалысқа шықты.
Сондай-ақ, II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"