Қазақ армиясының мәртебесін айшықтайды

Биылғы 7 мамырда «Отар» 40-шы әскери гарнизоны Мәтібұлақ жаттығу полигонында республикалық жауынгерлік парад өтеді. 4 облыстың жауынгерлері қатысатын шарада қазақ армиясының қуаты, қорғаныс өнеркәсібі кешені мен техникасының мүмкіндіктері паш етілмек.

                                                                                                                                                         Оңтүстік

Ауқымды шараға қатысатындар 35 жасқа дейінгі әскери міндеттілер ішінен іріктелініп алынбақ. Олар 25 күн бойы дайындықтарын пысықтап, 7 мамырда республикалық парадқа қатысатын болады.

Сап түзеген 30-ға жуық сарбаз – бұған дейін әскери қызметті абыроймен атқарып, саланың қыр-сырын жетік меңгергендер. Араларында, ефрейтор, сержанттары да бар. Бүгінде сан-салада жұмыс істеп жүрген бұрынғы жауынгерлер патриоттық іс-шараға атсалысуға зор ықылас танытты. Жамбыл жеріндегі әскери парад соғыстағы Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен егемендіктің 27 жылдығына орайластырылып отыр.

«Бұл – біз үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан өзге аймақтардан оза шабу үшін барымызды салатын боламыз. Мұндағы жігіттердің барлығы бұрын әскерде болған, техниканың қыр-сырын жақсы біледі. Өзімізге жүктелген міндетті орындауға бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» демей ме батыр бабаларымыз. Осы үдеден шығамыз деп үміттенемін», дейді шеруге қатысушы Ғани Әбдиев.

Жеделсөз

Дүкенбай Ермеков, Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы:

– Жаңа заң талаптарына сай әскери міндетті деген бар. Сондықтан жігіттерді саралауда еш қиындық орын алмады. Ал жастарымыз өте жауапты іске бара жатқандығын ұғынса дегім келеді. Әскери парадқа қатысу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұның артында тұтастай халқы, Елбасы тұр.

7 мамырдағы мереке төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің жабдықталуы, егемендік пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген әскери қызметшілердің әзірлігі мен қабілетін айшықтай түспек.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"