Қайта жарақтандыру және жауынгерлік даярлық: Әуе қорғаныс күштерінде жарты жылдықтың қорытындысы шығарылды

Әуе қорғанысы күштерінде Әскери-әуе күштерінің және Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері қысқы оқу кезеңін қорытындылады.

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін қолдау мен кәсібилігін арттыру жөніндегі негізгі міндеттерді табысты орындағанын атап өтті.
Бұл әскер түрі қысқы оқу кезеңінде жауынгерлік даярлықтың жоспарын толықтай жүзеге асырып,  барлық ауқымды оқу-жаттығуға қатысты. Іс-шаралардың басым бөлігі алғаш рет өткізілді.
«Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштері компоненттерінің кешенді тексерісі шеңберінде «Ақтау-Жаңаөзен» көлік жолының әуе айлағына Су-27 жойғышы мен С-295 әскери-көліктік ұшағын қондыру пысықталды.
«Қалқан-2021» бірлескен жедел-тактикалық оқу-жаттығуында ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелерін тұрақты орналасу пунктінен 2 000  шақырымнан астам қашықтықта темір жол көлігімен міндеттерді орындау ауданына жіберу жүзеге асырылды. Іздестіру-шабуылдау тікұшақ топтары жауынгерлік міндетті атқару ауданына көлік құралдарын жеткізу үшін оларды сыртқы аспада іліп апару тәсілін қолданды. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшу құрылғыларын басқару арналарын басатын жылжымалы радиоэлектрондық құрылғының мүмкіндіктерін көрсетті.
Ұшқыштар даярлайтын оқу орнының курсанттарына тәжірибелік сабақтарда қолдану үшін ұшақтар мен тікұшақтардың жаттықтыру-үдеткіштері әзірленіп, оны оқу үрдісіне қосты.
Әскерлерді қайта жарақтандыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Бүгінде Әуе қорғаныс күштері 4++ буынды Су-30СМ жаңа көпмақсатты  жойғыштарымен, Ми-35М жауынгерлік тікұшақтарымен, отандық «Нұр» GM-403 соңғы үлгідегі радиолокациялық станцияларымен, L-39 жаңартылған жауынгерлік ұшақтарымен, сондай-ақ, «Бук-М2Э» зениттік-зымыран кешенімен толықты.


Видео: Осыдан он жыл бұрын Ақтау қаласының жанында Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасы құрылған болатын

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков