«ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАПЕРІМІЗДЕН ШЫҒАРМАЙМЫЗ»

   Көктемгі әскерге шақыру

 

 

Күллі әлемді жайлаған COVID-19 дертіне байланысты 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды.

   Соған байланысты «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды 2020 жылғы маусымнан тамызға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Сөйтіп Президент пәрменіне сәйкес бұл науқан уақытша тоқтатылып, оның мерзімі ұзартылды. Қазіргі таңда мамыр айының 18-інен қайта жалғасқан ол шара карантин кезінде қайта қолға алынды.

Осы орайда біз ел аймағындағы жергілікті әскери басқару органдарының бүгінгі тыныс-тіршілігін білмекке Солтүстік Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Айман Абжапбарованы әңгімеге тартқан едік.

 

«ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҚАПЕРІМІЗДЕН ШЫҒАРМАЙМЫЗ»

 

– Қазір көктемгі әскери шақыру науқаны қайта жалғасып жатыр. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша биылғы жылы әскерге шақырылушылардың саны қанша?

– Отанды қорғау – ер-азаматтардың міндеті. Осы орайда жыл сайын біз жеткіншектерді тіркеуге алып, оны зерделеп, 18-ге толған кезден әскерге шақыруды қолға аламыз. Оларды жіті қарап, медициналық тексерістен өткізіп, жарамдыларын борышын өтеуге жібереміз.

Биылғы жоспар бойынша біз әскер тектері бойынша, оның ішінде ҚР Қарулы Күштеріне – 200, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 50, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне – 3, ҚР ІІМ Ұлттық гвардия бөліміне – 239, барлығы 492 адамды әскерге тартуды көздеп отырмыз.

– Бәрімізге аян, 6 наурыздан басталған бұл науқан кейінгі елдегі жағдайға байланысты уақытша тоқтатылды. Сол кезде сіздердің жұмыстарыңыздың деңгейі қандай еді?

– Төтенше жағдай жарияланған кезде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әскерге шақырылушылар мерзімді қызметке алынбады. Олар тек медициналық комиссияның қабылдауларында болды. Жалпы сол кезде тексерістен 300-ден астам өтті.

– Коронавирустың таралу қаупі жағдайында бүгінде шақыру қалай өтіп жатыр? Қауіпсіздік шараларын қаперге алып жатырсыздар ма? Жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қалай жұмыс істейді? Сондай-ақ әскерге шақырушыларға да талаптар күшейген шығар...

– Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқару органдарында азаматтардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және COVID-19 коронавирустық инфекцияның енуіне жол бермеу мақсатында мынадай іс-шараларды өткізіп жатырмыз:

– біріншіден, облыстық жиын пунктінде байланыссыз термометрді қолдана отырып, әскерге шақырылушылардың дене температурасын өлшеу үшін медициналық бекет ұйымдастырылды, барлық әскерге шақырылушылар санитарлық бақылау журналына енгізіледі;

– адамдар көп жиналатын жерлерде антисептиктер жабдықталған;

– барлық әскерге шақырылушылар дезинфекциялау құралдарымен және медициналық маскалармен қамтамасыз етілген;

– барлық үй-жайларда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіледі;

– жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы және медициналық персонал медициналық маскалармен және жеке антибактериялық құралдармен жабдықталған;

– күн сайын облыстық жинау пунктінің аумағында, сондай-ақ жалпы пайдалану орындарында штаттан тыс командалармен дезинфекциялық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қазір елімізде бұл дерттің көрсеткіші күннен-күнге көбейіп келеді. Мұндай кезде әр адам аса сақтықпен өмір сүргені абзал.

«Сақтансаң, сақтаймын» деген бар. Оны ұмытпағанымыз жөн. Ертеңімізді ойласақ, сақтықпен қимылдағанымыз дұрыс. Айналадағыларға да оны түсіндіруіміз қажет. Сондықтан біз қауіпсіздік шараларын қаперімізден еш шығармаймыз. Өйткені көктемгі шақыруды жүргізу 31 шілдеге дейін жоспарланған.

– Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Сұхбатыңызға рахмет!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"