Сәуір айында 36739 әскери бөлімінің жеке құрамында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы аясында Алматы өнірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының әскери-автомобиль полициясы бөлімінің инспектор офицері әділет капитаны Вахидин Абайдуллаевтың қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптары және жол қозғалысының ережелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында жол ережелері, жол қозғалысы кезінде құқық бұзушылыққа алып келетін әртүрлі себептердің алдын-алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар жол- көлік оқиғасы кезінде көрсетілетін бірінші медициналық көмек және бірінші кезектегі іс-қимылдар тәртібі жеке құрамға түсіндіріп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда ҚР Қарулы Күштерінде мемлекеттік органдармен бірлесіп жасалатын осындай насихаттау жұмыстары жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізуде.
Подполковник Бақытжан Өмірбеков
36739 әскери бөлім командирінің
(ТжИЖ жөніндегі) орынбасары