Қауіп-қатерлерге кәсіби, жедел және үйлесімді түрде әрекет ету

Алматыға жұмыс сапары барысында ҚР Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындалу қажеттігін мәлімдеді.

Ағымдағы жылы жылы пандемияға байланысты Қорғаныс министрлігі Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментін құрды. Бағынысты әскерлер COVID-19-ға қарсы іс-шараларға қатысып, 29 құрама отрядтар құрылды. Олар еліміздің барлық өңірлерінде арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтан қаласында капитан Нұржігіт Қыстаубаевтың басшылығымен 68665 әскери бөлімінің РХБЗ ротасының әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар күніне 150-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеп, жақын маңдағы Қосшы, Талапкер, Қоянды, Қажымұқан, Аққайың елді мекендеріне барды. Қазір әскери қызметшілер апта сайын Ақмола гарнизонында орналасқан әскери нысандарды, сондай-ақ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру пункттеріне арнайы өңдеуді жүргізеді.
Қойылған міндеттерді орындау үшін бөлімшелер отандық өндірістің АРС-14KZ заманауи арнайы техникасымен жабдықталған.
    Жергілікті атқарушы органдар басшыларының ғимараттар мен құрылыстарға, ескерткіштер мен алаңдарға өңдеу жұмыстарын жүргізуге өтініштері осындай жұмыс түрінің қажеттілігін дәлелдейді.
Әскерлердің жеке құрамына алынған тәжірибе, білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын үнемі жетілдіру қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қауіп-қатерлерге кәсіби және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Немецкие снайперы вооружились обновлёнными винтовками G22A2

Как определить местонахождение и расстояние до объекта

Как определить местонахождение и расстояние до объекта