Қарулы Күштерге Резервтерді дайындау

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында орналасқан ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебі 24 пен 27 жас аралығындағы тәрбиеленушілерді "атқыш" мамандығын меңгеруге оқытып, ҚР Қарулы Күштері қатарына әскери қызметшілерді дайындайды.

Әскери мектептің тәрбиеленушілері 40 оқу күні ішінде әскери оқытылған резерв даярлау бағдарламасының аясында әскери-техникалық мамандықтардың біреуін меңгереді. Біздің мектеп тек қана Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын әскери өмірге дайындап қана қоймайды, Қостанай облысының азаматтарын да әскери мамандыққа дайындайды. Қазір мұндай мектептер Қазақстанның 15 қаласында бар. Іріктеу бір жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық комиссиядан өтеді, одан кейін әскери істі зерделейді.  Дайындық «атқыш», «жүргізуші» мамандығы бойынша жүргізіледі. Бір жарым айлық оқудан кейін бітіру емтихандары басталады.   

   –Қызметті сәтті атқарған жігіттер  әскери мамандық бойынша біліктілік және сертификатқа ие болады, соның негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әскери билет беріледі.  Әскери комиссариаттар «қатардағы жауынгер» әскери атағын бере отырып,  әрбіреуін әскери міндеттінің есебіне (жұмылдыру резервіне) қояды. Оқу кезеңінде оқу демалыстары ұсынылады, сондықтан әрбір оқып-үйренушінің жұмыс немесе оқу орны кепілді түрде сақталады. Дәл қазіргі уақытта бізде үш айлық курста оқитын "жүргізуші" мамандарды оқытып жатырмыз,-дейді ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебінің бастығы отставкадағы полковник Бахт-Жан Аронұлы Сембаев.

     Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері де нағыз әскердегідей дайындықтан өтеді. Олар осы 40 күндік оқудың ішінде 1 жылдық материалды толығымен қамтиды. Әскери полигондарда болып,  әскери оқу-жаттығулар толық ұйымдастырылады.

      –Жастардың  бүгінде әскери қызмет саласына ұмтылушылығы байқалады. Өйткені әскери қызмет тұрақты және әлеуметтік жағынан қамтылған. 10 жылға дейінгі қызметтік өтілі бар әскери қызметшілер үйлері болмаған жағдайда оларға баспананы жалдағаны үшін мемлекет өтемақы төлейді. Ал 20 және одан да көп жыл қызмет еткен әскери қызметшілерге отбасы мүшелерінің санына байланысты пәтер сатып алу үшін ақшалай өтемақы беріледі,-дейді ӘТМ тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы запастағы подполковник И.Четверов.

        

 

   Айта кетейік, биыл әскери техникалық мектеп 500-ден аса бозбаланы оқытуға тапсырыс алған болатын. Соның 270-ке жуығы Қостанай облысының азаматтарын әскери мамандық бойынша дайындауға орын бөлінген. Ал былтыр бітірген 200-ден аса түлек қазір еліміздегі әскери бөлімшелерде қызмет етіп жүр.

         Петропавлда әскери-техникалық мектептерге үміткерлерді іріктеу жылына 7-8 рет өткізіледі. ӘТМ-ге оқуға түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

                  

 

Айман Абжапбарова

СҚО ҚІД

Баспасөз қызметінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"