Қарулы Күштерде РХБҚ әскерлері күні атап өтілді

13 қарашада ҚР Қарулы Күштерінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау күні атап өтілді. Бейбіт уақытта бұл мамандар миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығына  араша түседі. Ал олардың ұрыс алаңындағы жұмысы өзге әскер тектерінің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінде шешілетін тапсырмаларға қатысты барлау, арнайы өңдеу, аэрозольді қарсы іс-қимыл бөлішелері мен отшашар бөлімшелері бар. 

РХБҚ әскерлерінің жарақтандыруында жаңа заманауи техника, яғни, «Солнцепек» ТОС-1А ауыр отшашар жүйелері, отандлық өндіріс үлгілері, РАСТ-1KZ, РАСТ-2KZ зымыран-талдау станциялары, АРС-14 KZ автоқұю станциялары, сондай-ақ, ОМ-90 қазіргі заманғы газтұмшалар бар.  ҚР ҚК Құрлық әскерлері РХБ қорғау әскерлерінің жеке құрамы жоғары дайындық деңгейін көрсете отырып, әртүрлі халықаралық оқу-жаттығуларға белсене қатысады.

Олардың ішінде «Өзара іс-қимыл» ҰҚШҰ-ның жедел ден қою ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуы, 2016 жылғы Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі «Қауіпсіз орта» байқауы, сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерінің басшылығымен өткізілетін барлық оқу-жаттығулар мен іс-шаралар. «Қауіпсіз орта» халықаралық байқауында Казақстанның командасы үшінші орынды жеңіп алды.

Сайыс жүргізу, атыс даярлығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша 24 нормативтің орындалуын қамтыды. РХБҚ әскерлері Қарулы Күштердің жеке құрамы мен халықты адам ағзасымен экологиялық тұрғыда үйлеспейтін ядролық, химиялық және биологиялық қарудың зақымдаушы факторларынан қорғаумен байланысты міндеттерді шешетінін айта кетейік.  Сонымен қатар, олардың міндеті қоршаған ортаға қолайсыз факторлардың ықпал ету әсерін барынша төмендету болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"