Қарулы күштерде жаңа оқу кезеңі басталды

1 маусымда Қазақстан әскерінде жазғы оқу кезеңі басталды. Дәстүр бойынша алғашқы аптада барлық құрамалар мен әскери бөлімдерде әскерлердің жауынгерлік әзірлік мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.

Осының алдында бірқатар әскери бөлімдердің жас толымы әскери ант берген болатын. Әскери қызметшілерге штаттық қару мен әскери техниканы бекіту рәсімдері, қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
Мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарында қысқы оқыту кезеңінің қорытындылары шығарылып, ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының талаптары негізіндегі міндеттер жеткізілді.
Тактикалық-саптық сабақтар барысында бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша, оның ішінде белгіленген аудандарға техникамен шыға отырып, барлық әскери қызметшілердің практикалық іс-қимылдары пысықталатын болады.
2022 жылғы мамырда Қорғаныс министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, жазғы оқу кезеңіндегі негізгі күш-жігер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарулы күштерді қайта пішіндеу, олардың жауынгерлік әзірлігін арттыру, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, әскерлерді қолданудың жаңа нысандары мен әдістерін игеру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталатын болады.
Осы мақсатта жауынгерлік дайындық пен оқу-жаттығулардың, оның ішінде халықаралық ауқымдағы түрлі іс-шаралары жоспарланған.
Сонымен бірге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы шеңберінде өткізілетін қару мен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүргізу жұмыстары жалғасатын болады.
Биыл Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Сол себепті 2022 оқу жылы «Қарулы күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтуде.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"