Қарулы күштерде 2022 жылдың көктемінде әскерге шақырылған сарбаздар ант берді

Салтанатты шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтті. Шымкент, Тараз, Гвардейск және Меркі гарнизондарына еліміздің бар өңірінен шақырылған екі мыңнан астам жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді.

Әр әскери қызметшінің өміріндегі салтанатты сәт Отан алдында адал болуға ант беру. Осыдан кейін шақырылушылар ел қорғау жолындағы барлық жауапкершілікті мойнына алып, нағыз жауынгер болады. Карантиндік іс-шараларға байланысты екі жылғы үзілістен кейін алғаш рет ант қабылдау рәсіміне әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатыса алды. – Біз Ақтөбе облысынан келдік, - дейді Меркі гарнизонында қызмет етіп жүрген сарбаз Бекжігіт Кәрімовтың анасы Айжан Даниясова. – Біз ұлымызды бір ай көрмедік. Осы уақытта әжептәуір шымырланып қапты. Ұлымыз – мақтанышымыз. Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер азаматтың парызы деп санаймыз. Командирлерімен танысып, телефондарын алдық. Ұлымызға қамқорлық жасайтыны анық. Жуырда Қазақстанның басқа гарнизондарында да әскерге жаңа келген сарбаздардың ант қабылдау рәсімдері өтеді. Осы жылдың көктемінде Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларының қатары әскерге шақыру жасындағы 6000-нан астам азаматпен толығатын болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"