Қарулы Күштерде 2020 жылы 900-ден астам объектіге жөндеу жүргізілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің инфроқұрылымын күтіп ұстау мен дамыту шеңберінде 2020 жылы бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, әскери қалашықтарды көркейту аясында алғаш рет 19 спорт және 9 балаларға арналған ойын алаңы орнатылды. Бұл әскери қызметшілердің отбасыларының, оның ішінде алыс гарнизондардағылардың өмір сүру ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Семей және Алматы қалаларындағы зауыттарда торлы 3D панельдер өндірісінің екі желісі іске қосылды. Бұлар панель түріндегі қоршаулар. Объектілердің болжамды өнімділігі айына 4 400 панельді немесе 11 000 метрді құрайды.  
Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Семей гарнизондарында төрт жөндеу-қалыпқа келтіру зауыты іргесін құрылды. Аталмыш бөлімшелердің қызметінің арқасында 2020 жылы 105 млн. теңге үнемдеуге, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың сапасы мен мерзімін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік болды.
Алматыда қоршаған ортаға зиянды заттардың шығуын азайту, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру шығындарын оңтайландыру мақсатында екі қазандықты газбен қамтамасыз етуге көшіру жобасы іске қосылды.  Бұл жыл сайын 500 млн-ға жуық теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
2020 жылы шамамен 900-ге жуық объектіге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл 2019 жылғы көрсеткішке қарағанда 88 пайызға артқан. Олар қару-жарақ, оқ-дәрі мен әскери мүлікті сақтау объектілері, әкімшілік және тұрғын үй нысандары, кәріз жолдары, сумен жабдықтау, газдандыру желілері және басқа да коммуникациялар.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен оқ-дәрілерді сақтау орындарын қазу кезінде пайдаланылатын топырақ пен құмды өз бетінше өндіруге жер учаскелерін бөлу туралы мәселе пысықталуда. Бұл материалдарды сатып алу шығындарын едәуір қысқартады деп күтілуде.  
Жолдар мен жол төсемдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көрсеткіші 49%-ға артты. Ағымдағы жылы 188,5 мың шаршы метр жолдың беті бетон асфальтпен жабылды, сонымен қатар, 11 мың метрден астам бордюрлер орнатылды.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"