Қарулы Күштердің әскери қызметшілері короновирусқа қарсы қайта вакцина алады

Биыл қарашаның үшінші онкүндігінен бастап ел әскерінің жеке құрамына COVID-19-ға қарсы қайта вакцина салынады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте елімізде ревакцинация науқанын жүргізу туралы тапсырма берген болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірге короновирус инфекциясына қарсы азаматтарды ревакциналау жөніндегі тәсілдерді пысықтады.
– Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын аяқтаған соң алты-тоғыз ай өткенде қосымша доза егу ұсынылады. Мұнда вакцинаның бір дозасы қолданылады. Әскери қызметшілер коронавирустың жаңа штаммдарынан жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету және бүкіл елді COVID-19 пандемиясын еңсеру үшін қайта иммундау қажеттігін түсінеді, – деді Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде қазірдің өзінде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, жеке құрамның 100%-ы екпенің екі компонентін де салдырған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"