Қарулы Күштердің әскери қызметшілері донорлық қан тапсырды

Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің оқытушы офицерлері мен тәрбиеленушілері ауыр дертке шалдыққан балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек ретінде қан тапсыруға атсалысты.

Әскери-техникалық мектептің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілері қалалық қан орталығының банкін толықтыра отырып, ақысыз негізде қан тапсырды. Қан тапсырмас бұрын әрбір донор қан тобын анықтау үшін алдын ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ, ықтимал қарсы көрсетілімдерді айқындау үшін дәрігермен әңгімелесуден өтті.

Әскери қызметшілердің айтуынша, шетте қалып қалмай, осынау игі іске үлес қосып, донорлықтың қаншалықтың маңызды екенін көрсету керек. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері еркін түрдегі тегін донорлық іс-шараларға ұдайы қатысып тұрады. Себебі, дәл сол кісілердің қаны біреудің өмірін аман алып қалуға септігін тигізеді.

Бұдан бұрын қан тапсыру бойынша осындай акция тікелей әскери-техникалық мектептің Алматыдағы филиалында өткізілген болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"