Қарулы Күштер Бас штабының факультетіне – 10 жыл

Ұлттық қорғаныс университетінде 2010 жылдың 14 желтоқсанында әскери және мемлекеттік басқару факультеті құрылып, кейіннен ол «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультеті болып өзгерді.

Бас штаб факультетінің құрылуы әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін дамытудағы кезекті кезеңі болды. Егер осы уақытқа дейін осы деңгейдегі офицерлер тек шетелде ғана білім ала алса, 2010 жылдан бастап Қазақстан армиясының тәжірибесі мен ерекшелігін ескере отырып, отандық оқу орнында басшылық құрамға білім алу мүмкіндігі пайда болды.
Бас штаб факультетінің алғашқы түлектері 2013 жылы оқу орнын аяқтады, сол уақыттан бастап 70-тен астам офицер тәмамдады.  
Түлектер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында да басшылық лауазымдарда қызмет атқарады.
Олардың ішінде Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Т. Дәндібаев, генерал-майор М. Таласов, Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Ә. Әшіров, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылары генерал-майор Қ. Әбубәкіров пен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының генерал-майоры А. Жүсіпов, Зымыран әскерлері мен артиллерияның қолбасшысы генерал-майор А. Жоламанов, Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары генерал-майорлар А. Әшімбекұлы, А. Жүсіпов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д. Ділманов бар.
Бүгінгі таңда факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қажетті әскери білімі және әскери қызмет атқарудағы мол тәжірибесі бар генералдар мен офицерлерден тұрады.
Профессорлық-оқытушылар құрамы әскери ғылым саласындағы зерттеулермен айналысып, ғылыми жобаларды бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру міндеттерін іске асырады.
Бас штаб факультетінде жыл сайын мемлекеттік органдардың, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"