Қарулы Күштер ардагерлерінің ел Тәуелсіздігіне қосқан үлесі айтылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов ардагерлерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, оларды әскери борышты орындаудың жарқын үлгісі, әрбір қазақстандық әскери қызметші үшін патриотизмнің айрықша болмысы екенін атап өтті.
– Осы залда отырғандардың көпшілігі стратегиялық шешімдер қабылдауға тікелей қатысқан, Қарулы Күштерді құрып, Қорғаныс министрлігі қызметінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырды, – деп атап өтті М. Таласов.
Отан қорғаушының жаңа бейнесін қалыптастырудағы ардагерлердің жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі, шынайы патриотизмнің, ұлттық мақтаныш пен ар-намыс болмысы ретіндегі рөлі маңызды десек асыра айтқандық емес. Құрметті демалыста болса да, әскердің тыныс-тіршілігі мен іс-әрекетінен тыс қалмай, өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып, әскери істің түрлі салаларын жетілдіруде тың бастамалар көтеріп келеді.
Жастарға әскери-патриоттық тұрғыда тәрбие беруге белсене ат салысатын Қарулы Күштердің ардагерлері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерейтой медалімен, «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық ансамблінің салтанатты концерті өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"