Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану тәртібіне ауыстыруда

Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құралымдарында қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланудың жазғы кезеңіне ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Техникалық қызмет көрсету үш кезеңде жүргізіледі.

Дайындық кезеңінде барлық қажетті құжаттама қаралып, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізіледі. Ал негізгі кезең қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық күйін тексеруді, ақауын анықтауды және кемшіліктерді жоюды қарастырады. Әртүрлі климаттық жағдайларда техниканы пайдалануға дайындық жұмыстарының негізгі көлемі соңғы кезеңде орындалады.
Жоспарлы жұмыстардың мақсаты – әскери көліктерді ыстықта мен шаңдану кезіне дайындау, қыста пайдаланғанда анықталған ақауларды жою, қару-жарақ пен әскери техниканы жарамды, жауынгерлік әзірлікте ұстау.  Себебі Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын осы мақсаттар айқындайды.
- Дөңгелекті, шынжыр табанды техника мен артиллериялық қаруларға сапалы жөндеу жүргізу үшін жауынгерлік көліктер тұрағында техникалық қызмет көрсету бекеттері орналастырылған. Бокстарда әскери қызметшілер техника мен қару-жарақтың жарамдылығы мен қызметін тексереді, жабдықтарды тазалау, автокөліктердің тораптары мен агрегаттарына қызмет көрсетіледі. Агрегаттарды, машиналар мен қару-жарақ тораптарын майлау міндетті түрде тексеріліп, тазартылады, аккумуляторлық бөліктер мен батареяларды қуаттайды, - деді тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары – ҚР ҚК қару-жарақ бас басқармасының бастығы полковник Талғат Аралов.
18 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техниканы қамтитын бұл жұмыстар 14 мамырға дейін жалғасады. Сондай-ақ олардың басым бөлігі Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінде шоғырланған.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Индия срочно ищет для своих ВС легкие танки

Индия срочно ищет для своих ВС легкие танки

Как выжить в степи?

Как выжить в степи?