Қарағандыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде «Сардар» олимпиадасы өтті

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я. Бигелдинов атындағы Қарағандыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің базасында ҚР Қорғаныс министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе ІV республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері беделді әскери білімді насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әскери оқу орындарында оқыту үшін анағұрлым дайындалған үміткерлерді айқындау болып табылды.

 Олимпиадаға өңірлік кезеңнің 54 жеңімпазы мен жүлдегері және әртүрлі облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық бойынша 18 оқытушысы қатысты. Олимпиада теориялық және практикалық болып 2 кезеңде өткізілді. Теориялық кезеңде қатысушылар математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі, бастапқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеуден өтті.

Практикалық кезеңде олимпиадаға қатысушылар бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру, яғни, жеке дара саптық даярлық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру және белтемірге тартылу бойынша нормативтер тапсырды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ 3000 метр жүгіруде, белтемірге тартылуда, автоматты құрастыру мен бөлшектеуде және саптық даярлықта жетістіктерге қол жеткізген қатысушылар грамоталарға ие болды. Екі айналым бойынша барынша ұпай санын жинаған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы бас жүлдені жеңіп алды. «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар табыс етілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"