Қарағандыда жастарға арналған Ашық есік күні өтті

Күзгі шақыру науқанын өткізу шеңберінде 2016 жылғы 16 қарашада 31775 әскери бөлімінің базасында шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы жастарға арналған Ашық есік күні өтті.

Әскери өмірді Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық кафедрасының студенттері мен колледж шәкірттерінен құралған 80 оқушы көруге келді.  

«Мұндай іс-шаралар жастардың қазақстандық қоғамның базалық құндылықтарына құрметпен қарауға қалыптастырады, әскери кәсіп пен қызметтің имиджін арттырады. Әрқайсымыз Отанымыздың болашақ қорғаушысымыз. Бүгін сендер әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайымен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканы өз көздеріңмен көре аласыңдар», – деп 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Маралов қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдады.    

Іс-шараға сондай-ақ, Қарулы Күштер мен локальді соғыс ардагерлері қатысып, жауынгерлік тәжірибелерімен бөлісті және өскелең ұрпаққа алғы сөздерін айтты. «Қарулы Күштер шекараның тұтастығын, қол сұғылмаушылығын сақтап қалу үшін құрылған. Біз ата-бабаларымыздың өсиетін ұмытпай, бейбітшілікті сақтауға тиіспіз. Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда», - деді сөз соңында Ауғанстандағы ардагерлер мен соғыс мүгедектері Одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. Хасенов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"