Қарағанды облысындағы Қарабас полигонында әскери оқу-жаттығулары өтті

Қарағанды облысындағы Қарабас полигонында әскери оқу-жаттығулары өтті деп хабарлайды 24 kz.  Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 6 экипаж қатысты. Үш күнге ұласқан шарада үздік сарбаздар мен экипаж іріктелді. Жауынгерлер әскери техникамен алуан түрлі бөгеттерден өтіп, қару-жарақты қаншалықты меңгергенін көрсетті.

Оқу-жаттығу екі кезең бойынша өтті. Алғашқы сында жауынгерлер әскери техниканың мүмкіндігін тексерді. Олар су қоймасынан БТР-мен жүзіп өтіп, нысанаға оқ атты. Тәжірибелі сарбаздар барлық сыннан сүрінбей өтті.
Сағатбек Нұрахметов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары: - Басты мақсат – дайындықты анықтау. Арнайы техника – ол өте дамыған техника, оның ішінде арнайы аппараттар бар, оны күнделікті жаттығулармен үйренеді. Бүгінгі жауынгерлердің барысы Ұлттық ұланның алдына қойған мақсатты орындауға дайын деп ойлаймын. Әскери жаттығудың екінші кезеңі Қарабастағы полигонда жалғасты. Мұнда сарбаздардың қару-жарақты қаншалықты меңгергені анықталды. Жауынгерлер бұл кезеңде қарсыластың көзін жою сынды күрделі тапсырмаларды орындады. Шара барысында Қарағанды қаласының 65\05 әскери бөлімінің сарбаздары алдарына қойған міндеттерді орындау шеберлігімен көзге түсті.
Еркебұлан Тойшыбеков, Қарағандыдағы 65/05 әскери бөлімінің сарбазы: - Он минут аралығында өттік. Брондық әскери техника болғандықтан, біз үшін қиын нәрсе болмау керек. Бұл техниканың ерекшелігі толық көрініс жоқ, кішкентай терезелерден қарайсың жүрген кезде, тек қана өзіңнің біліміңе, біліктілігіңе сеніп қана жүресің. Биыл оныншы рет өткізіліп отырған дәстүрлі шараға еліміздің 4 өңірінен келген сарбаздар қатысты. Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша жіті іс-қимылымен ерекшеленген жауынгерлер мен үздік экипаж марапатталды.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"